USD
USD
USD

Әділет министрлігі «Саяси партиялар туралы» заңға түзетулерді қарастырып жатыр

Қолданыстағы заңнаманы іске асырылып жатқан бастамалармен ұштастыру мақсатында Әділет министрлігі Президент туралы, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы, Сайлау туралы, Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық Заңдарға өзгерістер енгізуді қарастыратын Конституциялық Заңның жобасын әзірлейтін болады.

Әділет министрлігі «Саяси партиялар туралы» заңға түзетулерді қарастырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, сондай-ақ, саяси партиялар туралы, Жергілікті мемлекеттік басқару туралы, Мемлекеттік аудит туралы заңдарға және басқа да бірқатар заңдарға түзетулер енгізуді қарастыратын Заң жобасы әзірленеді.

«Саяси партиялар туралы Заңға саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізілетін болады. Атап айтқанда, партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санын 1000-нан 700 адамға дейін қысқарту; партияларды тіркеу үшін қажетті шекті деңгейді 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету; партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санын үш есеге 600-ден 200 адамға дейін азайту жоспарланып отыр. Толықтай алғанда, түзету Заң жобалары Конституциялық заңдарды қоса алғанда, 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде. 


Аталған Заң жобаларын да Парламенттің қарауына енгізу ағымдағы жылдың тамыз айына дейін, ал оларды қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер