USD
USD
USD

Әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесіледі

Бүгін Қытай соты елдің бұрынғы әділет министрі Фу Чжэнхуаны екі жылға шартты түрде өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды, деп хабарлады Қытай орталық телеарнасы.

Әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейсенбі күні Цзилинь провинциясы Чанчунь қаласының орташа деңгейдегі халық соты Қытай Халық Республикасының бұрынғы Әділет министрі, Қытай Халық Республикасы қоғамдық қауіпсіздік министрінің бұрынғы орынбасары Фу Чжэнхуаға сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үкім жариялады. 

«Фу Чжэнхуа пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, жаза екі жылға кейінге қалдырылған», - делінген хабарламада.

Сот Фу Чжэнхуа өзінің лауазымын пайдаланып жеке басының пайдасы үшін пара алғанын, жеке тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасағанын және «інісінің ауыр қылмыстары туралы айғақтарды жасырғанын» анықтады.

Атап айтқанда, тергеу деректері бойынша, Фу Чжэнхуа 117 миллион юаньнан астам (шамамен 16,5 миллион доллар) пара алған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінгені, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған қаражатты қайтарғаны белгілі болды. 

Сот екі жылдан кейін өлім жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін деп шешті.

Фу Чжэнхуа 2013-2018 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары, 2018-2020 жылдары Әділет министрі қызметін атқарған.

2021 жылдың қазан айында Қытай Коммунистік партиясының тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссиясы Фу Чжэнхуаға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен тергеу бастады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов