USD
USD
USD

Әділбек Жақсыбеков футбол федерациясын басқармайтын болды

Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымын сайлаудағы жаңа мерзімге қатысудан бас тартты. 

Әділбек Жақсыбеков футбол федерациясын басқармайтын болды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Осы орайда ол өз үндеуін жариялап, федерация лайықты президентті таңдайтынына сенім білдіріп, барлық үміткерге сәттілік тіледі.

Аталған федерацияның мәліметіне қарағанда, биыл 10 ақпанында «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ сайлау комитетінің жиыны өтті.

Осы орайда Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ Конференциясында өтеді.

«ҚФФ президенті Жақсыбеков Ә.Р. кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді», - делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді:

- Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі;

- Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы;

- Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

- Лория Давид Григорьевич – «Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ президенті;

- Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза