USD
USD
USD

Әділбек Сәрсембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Әділбек Сәрсембаев бұл қызметке 2021 жылы наурыз айында тағайындалды.

Әділбек Сәрсембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Үкіметінің қаулысымен Әділбек Зейнуллаұлы Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде  түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2007-2009 жж. — Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы.

Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда жұмыс істеді, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерде болды.

2016-2020 жж. Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

2020-2021 жж. — "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы наурыздан бастап ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет етті.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті