USD
USD
USD

Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасын 8-ші орынмен аяқтады

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасын 8-ші орынмен аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынаған болатын. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді. 

Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды. 

Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген. 

Айта кетелік, бұл қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды. 

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ