USD
USD
USD

«Әдейі өлтірген». Ақтауда өлі табылған сарбаздың анасы жанайқайын айтты

 Маңғыстау облысына әскерге кетіп, 4 маусымда әскери бөлімде өлі табылған мерзімді қызметтегі сарбаз Еділ Тешебаев кеше Түркістан облысында жер қойнына тапсырылды.

«Әдейі өлтірген». Ақтауда өлі табылған сарбаздың анасы жанайқайын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми нұсқа бойынша, сарбаз өзіне қол салған. Алайда туыстары бұған сенбей отыр. Еділ өлімі алдында бірнеше рет туыстарынан ақша сұрап, проблемаға ұрынғанын айтқан,  – деп хабарлайды КТК телеарнасы,

Еділ Тешебаевтың туған жері Сарыағаштағы үйінде жаназаға жиналған адам қарасы көп. Асылып қалған күйі табылған сарбаздың денесі 6 маусымда жеткізілген. 

«Үш түрлі, үш адамға үш түрлі айтып отыр. Пышақтады деп бірінші айтады, артынша баласына бәтеңкенің бауына асылып қалды дейді. Енді кеп анасына белдігіне асылып қалды, екі белдікті  байлап асылып қалды дейді. Подполковник айтқан», – дейді марқұмның апасы Гүлжәмилә Алтынбекова. 

Еділ Тешебаев шекара қызметінде «бір құпияны біліп қойып, қасақана өлтірілуі мүмкін» деп болжады туыстары. Сондай-ақ сарбаз атанғалы жақындарынан үздіксіз ақша сұраумен болыпты. Сондықтан әскердегі әлімжеттіктің құрбаны болуы да мүмкін дейді қара жамылған отбасы.

«Біреуден бес мың сұраған екен. Ол ақшаның бәрін неғыла береді дедім. Сол кезде 5 мың атаңа нәлет деп, салып жіберуім керек еді. Ойламадым ғой мұндай болады деп. Демек баламнан ақша сұраған. Ақша бермегеннен кейін ұрып өлтірген де. Басқа несі бар. Асылып қалды дейді, балам менің асылмаған. Көзім жетеді оған. Бұлар өлтіріп алып, содан кейін жала жауып отыр», – деді марқұмның әкесі Бақыт Алтынбеков. 

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов