USD
USD
USD

«Адамға ұқсайтын» акула табылды

Индонезияда Роте аралының жағалауында балықшының қармағына ерекше акула түсті, – деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

«Адамға ұқсайтын» акула табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абдулла Нурен есімді балықшы ересек акуланы кездейсоқ ұстап, оны үйіне алып кеткен. 

Ер адам оны сату үшін сойып жатқанда ішінен үш баласы шыққан. Екі акуланың түрі әдеттегідей болса, үшіншісінің тұмсығы басқаша болып шыққан. Балықшы оны адамға ұқсатты. 

«Екеуі анасы сияқты, ал үшіншісінде адамның түрі», – дейді Нурен.

Балықшы көршілері акуланы сатып алғысы келетінін айтты, бірақ ол бас тартыпты. 

«Акуланы көргісі келген адамдар үйіме лық толды. Мен балықты өзіме қалдырамын. Бұл маған сәттілік әкеледі деп ойлаймын"», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес