USD
USD
USD

Адамға тиісу де қылмыстық іске жатуы мүмкін

Елімізде адамға тиісу, еркінен тыс мәжбүрлеу әрекеті қылмыстық іс деп танылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті.

Адамға тиісу де қылмыстық іске жатуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тиісу, мәжбүрлеу әрекетіне қатысы мәселе әлі де ашық. Бүгінде халықаралық заңнамалар зерделену үстінде. Оның біздің заңдарға қаншалықты сәйкес келетіндігі қаралып жатыр. Яғни тиісу, мәжбүрлеу әрекетіне қылмыстық жауапкершілік енгізу керек пе? Негізінде аталған жайт заңда қарастырылған, тек сәл басқаша рәсімделген. Жалпы қылмыстық кодекске енгізу жағдайды қаншалықты ақтайды? Осы төңіректе талқылаулар жүріп жатыр. Оған сала сарапшылары, психологтар мен заң саласы мамандары тартылуда», – деді Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ІІМ өкілі зорлауға қатысты жазаның қатаңдатылғанын айтты.

«Зорлық жасаушының жазасы ауыр. Қазір осы қылмыс бойынша татуластыру деген түсінік жоқ. Әсерісе балаларға қатысты жағдай болса. Балаларға зорлық көрсеткендер қатаң жазаланып, айыбы кешірілмейді және қылмыскер мерзімінен бұрын босатылмайды. Ал жәбір көруші жақ полиция қызметкерлерінің қамқорында болады. Керек жағдайда өмір бойы», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум