USD
USD
USD

Адамдарды жазалау жаңа полицияның бөлігі болмауы керек – Еуропалық одақ

Бұл туралы Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілі Кестутис Янкаускас «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форум барысында айтты.

Адамдарды жазалау жаңа полицияның бөлігі болмауы керек – Еуропалық одақ
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Біз қазіргі заманғы қоғамды құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Еуропалық одақтағы құндылықтардың бірі- құқықтың үстемдігі. Бүгінгі таңда қазақстандық полиция мен құқықтық жүйе күштік модельден сервистік модельге өту бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз адам ретінде қандай да бір жағдай болғанда бірден полицияға хабарласу туралы ойлаймыз. Полиция көмектеседі деп ойлаймыз. Бұл-сенім. Сенімге ие болу уақытты талап етеді», - деді Янкаускас.

Ол атағандай, басымдықтарды бөліп алу кезінде не істеу керегін ғана емес, не істемеу керегін басшылыққа алу керек.

«Қаңтар оқиғасы кезінде сияқты адамдарды жазалау жаңа полицияның, жаңа Қазақстанның бөлігі болмауы керек», - деді ол.

Айта кетейік, форумды  ІІМ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы