USD
USD
USD

Адамдар енді тас қараңғыда да көре алатын болды

Австралиялық және еуропалық ғалымдар қарапайым көзілдіріктің бетіне ультра жұқа пленка қолдану арқылы қараңғыда анық көруге мүмкіндік беретін революциялық технологияны ойлап тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Адамдар енді тас қараңғыда да көре алатын болды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Австралия ұлттық университетінің зерттеушілері Италиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Франциядан және Болгариядан келген әріптестерімен бірге нанометрлік өлшемдегі кристалдар негізінде жұқа пленка жасап шықты, ол адамның көзіне көрінбейтін инфрақызыл сәулені көрінетін бейнеге айналдыра алады.

Жарықты басқарудың жаңа технологиясында ультра өте жіңішке қабықшалардың метабеткі қасиеттері қолданылады, яғни оның оптикалық қасиеттері әр нүктеде өзгеріп отырады.

Өнімді әзірлеушілердің айтуы бойынша, жаңа технология өте оңай, арзан және жаппай өндіруге ыңғайлы, бұл құрылғы түнде күндізгідей жүре беруге мүмкіндік береді.

Бірақ соңғы бөлігінің өндірісі үшін криогендік мұздату қажет, ал оның өндірісі қымбатқа түседі.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы