USD
USD
USD

Адамдар эвакуацияланды: Ұлытау облысына ғарыш кемесінің бөлшегі құлады

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауылдардың бірінің тұсына ғарыш кемесінің бөлшегі құлады. Жергілікті билік бір қыстақтың тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Адамдар эвакуацияланды: Ұлытау облысына ғарыш кемесінің бөлшегі құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылының маңында ғарыш кемесінің фрагменті құлаған сәтті видеоға түсіріп алған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, адамдар арасында жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян келуі мүмкін деген алаңдаушылық туындады. Алайда, Жаңаарқа ауданының әкімдігі бұл бөлшек қауіпті емес және зиянсыз деп сендіреді.

«Бұл жерге түскен бөлшек – «ПРОГРЕСС МС 21» жүк тасымалдаушы ғарыш кемесінің қалдығы. Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге түскен. Космос кемесінің ұшу күні, уақыты және қалдықтың түсетін орны алдын ала белгіленіп, «РОС КОСМОС» мамандарынан арнайы шұғыл әрекет ету топтары құрылып, күзетке алынған. Құлаған қалдықтар ғарыш кемесінің бірінші сатысы, яғни тұрғындарға зиянды әсері жоқ. Қазіргі уақытта қалдықты тазалап, алып кету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнаулы техника және мамандар жұмылдырылып, бақылау күшейтілген», - деп түсіндірді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер