Адам өлтіргені үшін 15 жыл іздеуде болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені үшін ұсталған Өзбекстан азаматы қамаудан қашқан
ы, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында құрамында есірткі заты бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтаған. Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күдікті есірткілік масаң күйде болған. Ұстау кезінде өзін агрессивті жағынан көрсеткен, ол асүй пышағын алып, өзіне-өзі қол жұмсаймын деп қорқытқан. Алайда , жедел уәкілдер оны бірден бейтараптандырып, Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізген. Жеке басын анықтау барысында, күдіктінің өзгенің атын пайдаланғаны белгілі болды, себебі алынған фотосурет оның бейнесіне сәйкес келмеген. Дерекқор бойынша саусақ іздерін тексерген тәртіп сақшылары ұсталған адамның Өзбекстан құқық қорғау органдарымен адам өлтіргені және қамаудан қашқаны үшін іздеуде жүргенін анықтады. 1976 жылғы Өзбекстан азаматы 2005 жылдан бастап іздеуде жүрген. Қамауға алу санкциясы бар қашқын тергеу оқшаулағышына қамалды. Жасалған қылмысы үшін жауапкершілік туралы мәселе шешілгеннен кейін оны Өзбекстан еліне экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді