USD
USD
USD

Адам құқын қорғау күшейеді

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» деп атауы бекер емес. Жолдаудағы бес бөлімде ел дамуының басты он бағыты айқындалған. Онда халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, әділетті әлеуметтік саясат және өңірлерді дамыту секілді маңызды мәселелер қозғалған.

Адам құқын қорғау күшейеді
Фото: NEGE.kz

Жолдауда көрсетілген айқын міндеттер мен атқарушы органдарға жүктелген жаңа тапсырмалар елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жол ашады.

Жолдаудың екінші бөлімінде Президент азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне тоқталып, сот шешімдерін мұқият саралауды, дау шешуде сот тәжірибесінің жүзеге асуын, әкімшілік сот төрелігін енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, барлық қайшы пікірлер мен түсініксіз тұстар азаматтардың пайдасына қарастырылуы қажеттігін ескертті. Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет» деді. Сот пен құқық қорғау жүйесіндегі реформалар адам құқын қорғау мен қауіпсіздігінің кепілі, сондықтан олардың жүйелі орындалуын күшейту қашанда маңызды мәселе.

Мемлекет басшысы заңдарымызды ізгілендіруге басымдық беру жолында азаматтардың негізгі құқықтары назардан тыс қалғанын да ескертті. Бұған қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартсақ та, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұрғанын дәлел етті. Сондықтан, бірқатар қылмысқа қатысты қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін ұсынып, Прламент пен Үкіметке тапсырма берді.

Мемлекет басшысының жолдауы – ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. Оны жан-жақты талқылап, алдағы атқарылар ауқымды істердің сара бағыты ретінде белгілеп, жүзеге асыру – біздің абыройлы міндетіміз.

Айдарбек Замбаев, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский