USD
USD
USD

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қызылорданың тергеу изоляторында болды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қызылорданың тергеу изоляторында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қызылорданың тергеу изоляторында болды
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Қаңтар оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын қолға алған арнайы топ өкілдері ЗК-169/1 мекемесінде болып, қамаудағы азаматтардың жай-күйімен қанықты. Яғни тергеу изоляторына Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльмира Әзімова, “Адам құқығын қорғауға арналған хартия” қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағанбетова, Қызылорда облыстық ҰААТ жетекшісі Серік Теңізбаев, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Дамир Катаев, және басқа да құқық қорғаушылар келді.

Кездесу барысында азаматтардан мекемедегі ұсталу жағдайы, тергеу барысындағы құқық қорғаушылардың қарым- қатынасы, өздеріне көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайын сұрады.

«Тексеріс барысында айыпталушылардың тергеу ісі бойынша құқық қорғаушылармен, туыстарымен байланыс орнатуы мекеме басшылығы тарапынан тиісті деңгейдегі жағдай жасалып отырғанын көрдік. Ең бастысы, айыпталушылардың денсаулығына қатысты түйінді мәселелер жоқ. Өйткені мұнда келіп түскендерге, қоғамнан оқшауланғаннан бастап, бас бостандығынан айрылып, жазасын өтеу кезінде де, денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтанда мекемеге келіп түскен, күдіктілер мен айыпталушы және тергеудегілерге тиісті дәрежедегі медициналық көмек көрсетілу қажет деді, –  Қызылорда облыстық ҰААТ жетекшісі Серік Теңізбаев.

Осылайша тексеру қорытындысы негізінде келген уәкіл, тергеудегі азаматтардың денсаулығына қауіп жоқ екендігін, барлық тергеу жұмысы заң аясында жүргізіліп жатқандығына көз жеткізді.

 

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ