USD
USD
USD

Адам Кастильехо — адамзат тарихында ВИЧ-тен құлан-таза айыққан екінші адам

Ағылшын дәрігерлері Лондон тұрғыны 40 жастағы Адам Кастильехоның адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясынан (АИВ) толық айыққанын мәлімдеді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Адам Кастильехо — адамзат тарихында ВИЧ-тен құлан-таза айыққан екінші адам
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  АИВ диагнозы оған 2003 жылы қойылған. Қатерлі вирусты жеңуге Кастильехо шалдыққан басқа дертті емдеу тәсілі көмектесіпті. Қатерлі ісікті емдеу барысында оған жілік майының бағана жасушаларын алмастырған. Ал донордың генінде ВИЧ-тен қорғайтын мутация болған. Дәрігерлердің айтуынша, Кастильехо вирусқа қарсы дәрілерді ішуді 2 жылдан астам уақыт бұрын тоқтатқан. Содан бері оның қан сынамаларынан вирус табылмапты.
Бұған дейін дәл осындай гендік ауытқышулығы бар донордың жілік майының жасушасын алып салудың арқасында, Тимоти Браун есімді азаматқа да ВИЧ-тен жазылуға көмектескен еді. Ол әлемдегі осы дерттен жазылған тұңғыш науқас саналады.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК