USD
USD
USD

Адам қаққан қыз қамауға түсті

Бүгін Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойындағы ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында 27 жастағы қыз көлігімен адам қағып кетті.  Sputniknews сайтының жазуынша, рөлдегі қыз мас болған.

Адам қаққан қыз қамауға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан көлік әлдебір себептермен жолдың жиегіне шығып кетіп, жүргіншіні қаққан. Жаяу адам сол жерде көз жұмды.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі көлік иесінің қамауға алынғанын хабарлады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Адам өлген жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков