USD
USD
USD

Адам ағзасын заңсыз саудалаған

Шымкенттің қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, танымал трансплантолог, бірінші санатты хирург Абылай Донбай тұтқындалды.

Адам ағзасын заңсыз саудалаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 қарашада ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері № 1 қалалық клиниканың бас дәрігерін ұстаған болатын. Тергеу барысында Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды. Дәрігер Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес күдікті деп танылып отыр. ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша, ол ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы болуы мүмкін. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарының бүйрегін трансплантация жасап, сол үшін қомақты сыйақы алған деген күдік бар. Қазіргі уақытта клиникалық аурухананың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторында отыр.

Абылай Донбай Әбдужаппарұлы 1982 жылы 27 шілдеде Төле би ауданы Леңгір қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Бірінші дәрежелі хирург, трансплантолог. Еңбек өтілі – 10 жыл, басшылық қызметтерде жүргеніне 6 жыл болған. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қазақ гуманитарлық және құқық университетінде магистратураны тәмамдаған. 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында интернатурадан өткен. Түрлі жылдары тәжірибеден өткен.  2017 жылдың 4 шілдесінен бастап Шымкенттегі  №1 қалалық клиникалық ауруханаға хирург болып жұмыс істеген. Ал 2019 жылдың 13 наурызынан осы күнге дейін аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.
 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana