USD
USD
USD

Адам өлтірмек болған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды.

Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық