USD
USD
USD

Кісі өліміне қатысты қылмыс бойынша күдікке ілінген ер адам Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Кісі өлімі
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Аталған адам 2021 жылдың наурыз айында тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.

Атап айтқанда, күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне соққылар жасағаны салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.

Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.

Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян