USD
USD
USD

«Adal» партиясы қызметін тоқтатты

Adal партиясы өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Adal» партиясы қызметін тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсанда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу жүргізілді.

«ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 2 кезекстен тыс съездінің хаттамасы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс ХХІІІ съездінің хаттамасы заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеуге негіз болған.

2022 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша 6 саяси партия тіркелген:

1. «AMANAT» партиясы;

2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

3. Қазақстан Халық партиясы;

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы.

 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова

Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді

Мектеп