USD
USD
USD

ӘЧ: Жапония құрамасының бас бапкері жанкүйерлерден иіліп кешірім сұрады

Жапония құрамасының бас бапкері Хаджиме Мориясу ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін Катарға аттанған жанкүйерлерге иіліп тұрып алғысын білдірді. Сонымен қатар, көңіл күйі түскен жанкүйерлерден кешірім сұрады. 

ӘЧ: Жапония құрамасының бас бапкері жанкүйерлерден иіліп кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлем чемпионатының 1/8 финалында шығып қалған жапондықтардың футбол командасы трибунада тұрып алғыс айтып қана қойған жоқ, жанкүйерлеріне иіліп тағзым етті.

Жапония ұлттық рекорд орнатуға жетпей қалды. Пенальтилер сериясы нашар болды, Жапония құрамасы хорватиялық Доминик Ливаковичке мүмкіндік беріп қойды. Десе де олар әлем чемпионатының ширек финалына жақындады. Бұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. 

2022 жылғы әлем чемпионаты басталмай тұрып-ақ жапондық бас бапкер Хаджиме Мориясу: «Турнирдің мақсаты – кем дегенде ширек финалға шығу», - деген еді.

Және ол: «Біз бұл оңай болмайтынын білеміз», - деп қосқан болатын. 

1/8 финалда жапондықтардың өздері бірінші болып гол соққанмен, пенальтиден ұшып кетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы