USD
USD
USD

ӘЧ ширек финалында қарсы ойнайтын екінші жұп команда анықталды

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында ойнайтын екінші жұп команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ӘЧ ширек финалында қарсы ойнайтын екінші жұп команда анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенегалды ұтқаннан кейін (3:0) Англия құрамасы 1/4 финалда Францияға қарсылас болады. Франциялықтар польшаны ұтқан еді (3:1). Англия - Франция матчі 11 желтоқсанда өтеді.

Екінші жұпта Нидерланды мен Аргентина қарсы келеді. Еуропалықтар 1/8 финалда АҚШ-ты ұтты - 3:1, ал Мессидің командасы Аустралияны - 2:1. Нидерланды - Аргентина кездесуі 10 желтоқсанға белгіленген.

Айта кетейік, 5 және 6 желтоқсандардағы ойындарда ширек финалға өтетін өзге командалар анықталу керек.

1/8 финалдың қалған ойындары:

Жапония - Хорватия (5 желтоқсан)

Бразилия - Оңтүстік Корея (6 желтоқсан)

Марокко - Испания (6 желтоқсан)

Португалия - Швейцария (7 желтоқсан).

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі