USD
USD
USD

ӘЧ: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады?

Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екі қазақстандық шаршы алаңға шығады. 

ӘЧ: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады?
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE.  Ел құрамасынан 51 келіде Сәкен Бибосынов 1/16 финалда өзбек Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді.

 

Сәкен 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Қарсыласы 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тақты.

Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасады.

Жекпе-жек елорда уақытымен 22.00-де «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, 25 қазанда өткен жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалға өтті.

Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада төрт спортшыдан өзге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.

Жарысқа Олимпиада чемпиондары, Азия, Еуропа жүлдегерлері, әлем чемпиондары да қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.

Дүниежүзілік дода 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 12 алтын, 13 күміс, 21 қола жүлде алды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.