USD
USD
USD

ӘЧ: Англия ширек финалға өте ала ма?

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалының екінші ойын күнінде Англия мен Сенегал құрамалары кездеседі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ӘЧ: Англия ширек финалға өте ала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эль-Қаур қаласындағы 68 965 жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі. Бас төреші – сальвадорлық Иван Бартон. Оған отандасы Давид Моран Сантос пен АҚШ-тан барған Кэти Несбитт көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші – гондурастық Саид Мартинес.

FIFA рейтингінде Англия - 5, Сенегал 18-орында тұр.

Екі құрама өзінің тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр.

Топтық кезеңде Англия В тобында ойын көрсетті. Иранды 6:2, Уэльсті 3:0 есебімен жеңіп, АҚШ-пен 0:0 есебімен аяқтады.

Ал, Сенегал А тобында Қатарды 3:1, Эквадорды 2:1 есебімен жеңіп, Нидерландқа 0:2 есебімен жеңілді.

Қазір оқып жатыр

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған