ӘЧ-2021: AIBA чемпиондарға 100 мың АҚШ долларын береді
24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Алматы, NEGE. Бұл планетарлық біріншіліктің алдыңғы біріншіліктен басты айырмашылығы – жүлдегерлерге айтарлықтай ақшалай сыйақы берілуінде. Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді, – деп хабарлайды Aiba.com.
Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ долларын құрады.
«Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте табысқа жетіп қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек», – деді AIBA президенті Умар Кремлев.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды