USD
USD
USD

Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болды

Үкімет қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Primeminister.kz сайты хабарлады.

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген. Ол - Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

2014-2015 жылдары - "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры.

2015-2016 жылдары - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтамақ

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі