USD
USD
USD

Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Абзал Нүкенұлы Нүкенов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Аталмыш қызметті бұған дейін атқарған Айжан Шайназарова Мемлекет басшысының өкімімен  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.

1995 - 2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

2000 - 2005 жылдар – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімшесі секторының меңгерушісі, кеңесші.

2005 – 2006 жылдар – Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.

2006 жылғы қыркүйекте Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры.

2011-2016 жылдар – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші.

2016 жылы ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай