Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Абу-Дабиде туристер үшін жаңа ереже енгізілді

Жаңа ереже 8 қарашада күшіне енеді.

Абу-Дабиде туристер үшін жаңа ереже енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында жүрген барлық туристер COVID-19 сынақтарынан жиі өтуі керек болады. 

Бұдан былай осы елге келген барлық шетелдіктер, сондай-ақ БАӘ азаматтары әрбір төрт күн сайын коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы керек. Бұл тест БАӘ астанасында төрт күннен артық болатындар үшін міндеттеледі. Егер әмірлікте болу мерзімі сегіз күннен асса, онда Абу-Дабиде болған сегізінші күні де тест тапсыру қажет. Абу-Дабидің Төтенше жағдайлар, дағдарыстар және табиғи апаттар жөніндегі комитеті COVID-19 оқиғаларын ертерек алдын-алу және анықтау шаралары аясында тиісті өзгерістер енгізді.

БАӘ астанасына 8 қарашаға дейін барғандар бұрынғы ережеге сай тест тапсырады, яғни алты күн сайын. Бұл ретте Абу-Дабиге бару қағидалары сақталады, оған сәйкес теріс ПТР-тест немесе нәтиже алғаннан кейін 48 сағатқа дейінгі мерзімге DPI лазерлік тест қажет.

Айта кетейік, қазақстандықтар Дубайға барғанда ПТР-тест тапсырмайды. Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар ПТР тестін елден шығу кезінде, БАӘ-ге ұшып келу кезінде және Қазақстанға қайтып оралу алдында тағы бір рет тапсыруы қажет болатын. Енді олармен бірге коронавирусқа теріс ПТР сынағы туралы анықтама алу жеткілікті, алайда оны 96 сағатқа дейін істеу керек. 12 жасқа дейінгі балалар мен орташа немесе ауыр мүгедек балалар осы талаптардан босатылады. Сондай-ақ, транзиттік жолаушыларға баратын ел талап етпесе, сапар алдында тест қажет емес.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова