USD
USD
USD

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы абсолютті рекордты көрсеткенін хабарлады.

Зейнеткер
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Министрлік мәліметінше, 1991 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жас болса, ал 2001 жылы – 65,6, 2011 жылы – 68,98, 2021 жылы – 70,23 жасты көрсеткен. Осылайша, отыз бес жылда бұл көрсеткіш 8 жылдан астам уақытқа ұзарған.

«1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді.

Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды», – делінген хабарламада.

Өмір сүру ұзақтығына инфекциялық емес аурулармен күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар маңызды рөл атқарады десек, 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енген.

2029 жылға дейін ел азаматтарының күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді

ақша

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Жол апаты

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

«Ордабасы»