2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Әбіш Кекілбаевтің немересі Петропавл әуежайын басқарады

Абыл Кекілбаев Петропавлдағы «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Абыл Кекілбаев
Фото: жеке мұрағатынан

Алматы, NEGE. Абыл Кекілбаев – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы әрі ойшыл Әбіш Кекілбайұлының немересі. Ол Петропавл әуежайын басқарған Мұстафа Йылтан Октемнің орнына келді.

Абыл Кекілбаев Алматыда 1986 жылы дүниеге келген. Азаматтық авиация академиясын «Әуе көлігін пайдалану», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қаржы», Рига аэронавигация институтын «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын пайдалану» мамандықтары бойынша және Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Сондай-ақ Канада, Сингапур мен Әзербайжан елдерінде білімін ұштаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығында бөлім диспетчері болып бастады.

2007-2008 жылдары - Аэронавигациялық ақпарат қызметі басшысының орынбасары;

2008-2009 жылдары - Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы басшысының орынбасары;

2009-2014 жылдары - Аэронавигациялық ақпаратты басқару департаментінің басшысы болды.

2016–2017 жылдары Канаданың Монреаль қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аэронавигациялық бюросында еңбек етті.

Абыл Кекілбаев – Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Орталық хатшылығында жұмыс істеген алғашқы қазақ азаматы.

2017–2019 жылдары ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2020–2022 жылдары «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау