USD
USD
USD

Әблязовтың сыбайласы Грузиядан Алматыға экстрадицияланды

"БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазанов Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура.

Әблязовтың сыбайласы Грузиядан Алматыға экстрадицияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  29 қазанда Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ҰҚК-нің көмегімен Грузиядан банктің бұрынғы басқарма мүшесі - "БТА Банкі" АҚ басқарушы директоры болған Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады.

- Ол Мұхтар Әблязовтің ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп жасалған "БТА банктің" 249 миллиард теңгеден астам активтерін ұрлағаны үшін іздеуде болған. Рамазанов қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, Грузия аумағына жасырынып, Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын қолданған. Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының грузиндік әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузия ішкі істер министрлігі ұстады, - деді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қазір Рамазанов Алматыдағы тергеу абақтысына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер