USD
USD
USD

Әбілқасымова бизнесті несиелендіруге зейнетақы қаражатын көбірек тартуды ұсынды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктердің экономиканы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаражаты есебінен несиелендіру бағдарламасының шарттарын қайта қарауды ұсынды.

Мәдина Әбілқасымова
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қазірдің өзінде бұл қаражат қаржыландыруға тартылып жатыр. Алайда реттеуші банктерді оны инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғыртуға белсендірек бағыттауға ынталандыратын жаңа ережелер енгізуді көздеп отыр.

Бұл туралы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, банктердің бизнес пен инфрақұрылымдық жобаларды несиелендіруге қатысуын кеңейтетін қосымша шаралар әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар агенттік басшысы «Даму» қоры арқылы несие пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігін сақтауды ұсынды. Алайда мемлекеттік қолдау ең алдымен басым инвестициялық жобаларға бағытталуы керек екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

29 алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы алматылық қыз ұсталды

Кісен

Вице-министр ұшақта шетел азаматына көмек көрсетті

Медициналық көмек

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы

Қазақстандық бортсерік қыз Кувейтте жансақтау бөліміне түсті: экипаж жапон энцефалитін жұқтырған болуы мүмкін

уланған қыз