USD
USD
USD

Абысынының телефонын ұрлап кетіпті

Түркістан облысының полицейлері туысының ұялы телефонын ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абысынының телефонын ұрлап кетіпті
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында үйінде жиын өткізген күні кір жуғыш машинаның үстіне қойған ұялы телефонын белгісіз біреу алып кеткені, таппай қалғаны жөнінде хабарлама түсірген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 65 000 теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде ұялы телефон Абай ауылындағы ломбардтардың бірінен табылды. Содан полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, куәгерлерден жауап алды. “Жау алыстан келмейді” дегендей, ұялы телефонды ұрлаған жәбірленуші әйелдің туысы, яғни абысыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай ол оңай жолмен ақша табу мақсатында ұялы телефонды ұрлап, ломбардқа 18 000 теңгеге өткізіп жіберген. Ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс-құжаттары Келес аудандық сотына жолданды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев