USD
USD
USD

Абысынының телефонын ұрлап кетіпті

Түркістан

Абысынының телефонын ұрлап кетіпті
Фото: NEGE.kz

облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған абысынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Отырар аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында үйінде мұздатқыштың үстіне қойған ұялы телефонын белгісіз біреу алып кеткені, таппай қалғаны жөнінде хабарлама түсірген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 000 теңге. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне  енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркелді. ​​​​​​

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде ұрланған ұялы телефон, құпия сандары арқылы табылып, күдіктінің жеке-басы анықталды.

Ұялы телефонды ұрлаған жәбірленуші әйелдің туысы, яғни абысыны болып шықты. ​​​​​​​​​​

Тергеу барысында анықталғандай ол, материалдық пайда табу мақсатында ұялы телефонды ұрлап, өзі қолданып жүрген. Айғақты зат ретінде алынған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек жәбірленуші әйелдің кешірім беруіне байланысты қысқартылған. ​​​​​​​​​

Түркістан облысының полицейлері өз бағалы заттарыңызбен, ұялы телефондарыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ұялы телефондарыңызды кез-келген жерге тастамаңыздар. Мүмкіндігінше жаныңызда аузы жабық сөмке мен қалтаңызда сақтаңыз. Егер де сіз, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов