USD
USD
USD

Әбілязовтың серіктесі ұсталды

«

Әбілязовтың серіктесі ұсталды
Фото: NEGE.kz

Шетелде бой тасалап жүрген қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы ресейлік бизнесмен Александр Удовенко Америкада қолға түсті», – деп хабарлайды EU Reporter агенттігі.

Алматы, NEGE. Басылымның айтуынша, ресейлік бизнесмен экс-банкир Әбілязовтің қалауымен Лондонда көптеген офшорлық фирмалар ашып, түрлі банктердегі миллиардтаған қаржыны жеке шоттарға аударумен айналысып келген. Кейіннен ол Америкаға қоныс аударып, Мэриленд штатында «инвестициялық кеңесші» қызметін атқарған.

Тексеру барысында Британия соты Удовенконы «қазақстандық экс-банкирдің негізгі серіктестерінің бірі» деп таныды. Ол ағылшын жерінен 2009 жылы бір түнде «ұшты-күйлі жоғалып» кеткен. Алматы әкімшілігінің түсірген шағымы бойынша қозғалған қылмыстық іс осыдан төрт жыл бұрын басталған болатын. Биылғы жылы Удовенко мен Әбілязовқа қатысты Америкада өтетін сот отырысының мерзімі әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский