Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әбілқасымова биыл немен айналысатынын жариялады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында президент тапсырмаларының қалай орындалатынын баяндады. КНРДА банктер мен несие беретін ұйымдарды ауыздықтайды, тұтынушы кредиттердің жосықсыз өсуіне жол бермейді. Нәтижесінде халық жаппай қарыздануын қоюы тиіс.

Әбілқасымова биыл немен айналысатынын жариялады
Фото: NEGE.kz

Қаржы реттеушісі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен банк жүйесін қалыпқа келтіруді өзіне мақсат етіп қойған. Өткенде президент "қаржы секторы - ауру" деп кесіп айтқан болатын. "Банк секторын қалыпқа келтіру бюджет қаражатын пайдаланбай нарықтық жағдайларда провизиялар мен капиталдың барабар қорын құру арқылы жалғасады», - деді бүгін, Әбілқасымова.  Оның айтуынша, тиісті тәсілдер осы жылы бірінші тоқсанда әзірленеді.

"Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес аясында Агенттік пен Ұлттық Банктің бірлесіп жүргізетін макропруденциялық реттеу шаралары күшейтіледі. Банк жүйесін қалыпқа келтіру банктердің экономиканы кредиттеуін ұлғайтуға ықпал ететін болады".

Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейту үшін экономиканың басым салаларын несиелейтін шаралар ұсынылмақ. Ал халыққа келгенде, ҚНРДА кепілсіз тұтынушылық кредиттерді жүгендемек. Әбілқасымова биылдан бастап тұтынушылық кредит беруде тәуекелдерді шектеу бойынша заңнама нормалары қолданысқа енгізілгенін еске салды. 

"Мемлекет басшысы бүкіл қаржы секторын кешенді дамыту бойынша қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, Агенттік қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңартып, ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін жаңа редакцияда қабылдайды".

Әбілқасымова қаржы қоғамдастығымен бірлесіп инвестициялаудың және капитал тартудың қосымша мүмкіндіктерін жасау үшін қаржы секторын дамыту бойынша кешенді шаралар әзірлемек. Оның айтуынша, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша жаңа қаржы құралдарын реттеу мен әзірлеуді жетілдіру бөлігінде қажетті заңнамалық өзгерістер дайындалады. ҚНРДА тиісті заң жобасын дайындап, үкіметке осы жылдың соңына дейін енгізбек.

Тақырыпқа орай: Әбілқасымованың жаңа креслосы: Сарапшылар не дейді?

 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф