USD
USD
USD

«Берсе – қолынан, бермесе – жолынан!»: Әбілхан Аманқұл келесі кезеңге жолдама алды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Әбілхан Аманқұл Олимпиада ойындарында өзбекстандық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

«Берсе – қолынан, бермесе – жолынан!»: Әбілхан Аманқұл келесі кезеңге жолдама алды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Әбілхан Аманқұл өзбекстандық боксшы Кахрамоновпен шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жектің алғашқы раунды қарсыластың есебіне шешілді. Өйткені отандасымыз екінші нөмірде өнер көрсетті. Кахрамановқа төрешілер бірауыздан толық 10 ұпайды берді.

Екінші раундты Әбілхан қолға алып, қарсыласына жақсы соққыларын дарытты. Алаңдағы төреші нокдаун ашты.  Соңғы минутта өзбекстандық боксшы шарпап қалды. Осылайша екінші раундтағы есеп отандасымыздың пайдасына шешілді.   

Әбілхан шешуші раундта басымдық танытып, келесі кезеңге жолдама алды. 

Төрешілер шешім шығарғанға дейін бапкерлердің: «Берсе қолынан, бермесе жолынан», – деп боксшыны жігерлендірген сөздер айтқанын естіп қалдық.

Біздіңше, бокс федерациясының өкілдеріне халық сыны қатты батқан сыңайлы. Шаршы алаңда Әбілханның өзін-өзі ұстауы бөлек. Сенімді! Осы бетінен танбаса, қоржынымызға алтын түсуі әбден мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors