USD
USD
USD

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

​«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов колониядан босатылып, пробациялық бақылауға алынды.

Абылай Мырзахметов
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, сот шешімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.

«Аталған сотталған азамат сот үкімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген. Кейін сот шешімімен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін ол пробация қызметінің есебіне алынды», – деп хабарлады комитет.

Мырзахметов сот белгілеген барлық талап пен шектеуді сақтауға міндетті. Сонымен бірге оның Қазақстан аумағынан шығуына тыйым салынды.

2024 жылғы мамырда сот Абылай Мырзахметовті аса ірі мөлшердегі алаяқтық ісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу мәліметінше, ол бизнесмен Қайрат Боранбаевтың ісін «оңтайлы шешіп беремін» деп, оның туысынан 30 млн доллар сұраған. 

Сот үкімімен Мырзахметовтің 5,8 млрд теңгесі тәркіленген. Кейін мемлекетке тағы 7 млрд теңге қайтарылған.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.