USD
USD
USD

Абылайхан Жүсіпов ел үмітін ақтай алмады

Төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама алған Абылайхан Жүсіповтың жауапкершілігі әлдеқайда жоғары еді. Дүйім жұрт басқа-басқа дәл осы спортшыдан алтын күтті. Өкінішке орай, Абылайхан ел үмітін ақтай алмады.​

Абылайхан Жүсіпов ел үмітін ақтай алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Отандасымыздың 1/8 финалдағы америкалық Деланте Джонсонға қарсы өткізген кездесуі тартысты өтті. Боксшылар алғашқы раунд бастала салысымен ашық жекпе-жекке көшті. Алғашқы раундта Абылайхан басымдық танытты. 

Екінші раундта отандасымыз бірінші нөмірде өнер көрсетіп, қарсыласты қуып жүріп ұрып ұпай иеленуге тырысқан. Бірақ, төрешілер Абылайханға кіл 9 деген баға қойды. 

Үшінші раунд та америкалық боксшының есебіне шешілді. Кездесу 4:1 есебімен америкалық боксшының пайдасына шешілді.

Токиодағы дода Абылайханның екінші Олимпиадасы. Ол өте тәжірибелі боксшы еді. Бір жағы Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі бокс категориясы шынымен де қазақтың салмағы болғаны рас.

Дәл осы санаттағы төрт Олимпиада қатарынан тек қазақ боксшылары Бақтияр Артаев (2004 — Афина), Бақыт Сәрсекбаев (2008 — Пекин), Серік Сәпиев (2012 — Лондон) және Данияр Елеусінов (2016 — Рио-де-Жанейро) чемпион атанды. Абылайхан осы ағаларының жолын жалғай алмай ойынды 1/8 финалда аяқтады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Науқас