USD
USD
USD

Абылай Мырзахметов екі айға қамалды

"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Абылай Мырзахметов екі айға қамалды
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. "2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мырзахметов А.И.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұсталғаны хабарланған еді.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген айып тағылып отыр.

Күдікті Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Дәурен Абаев