USD
USD
USD

Абиба Абужақынова Португалиядағы Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Kazinform.

Абиба Абужақынова
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Сила Ерсінді (Түркия) ұтты.

Турнир барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) қапы қалдырды.

Ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы - дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Мектеп автобусы

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жақсылық Омар