USD
USD
USD

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік рейтингте екінші орынға жоғарылады

Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатын қорытындылап, үздіктердің тізімін жаңартты.

Дзюдо
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбиба Әбужақынова екін саты жоғарылап, екінші орынға жайғасты.

Отандасымыздың еншісінде 5662 ұпай бар. Бірінші орынға италиялық Ассунта Скутта (5958 ұпай) шықты. Ал франциялық Ширин Букли 5170 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) Будапештте (Венгрия) өткен әлем біріншілігінің финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев