USD
USD
USD

Абхазия президенті отставкаға кетуден бас тартты

Абхазия президенті Аслан Бжания оппозиция өкілдерінің Сухумдағы парламент ғимаратына наразылық шабуылына қарамастан отставкаға кетуден бас тартты. Бұл туралы"Sputnik Абхазия" хабарлады.

перзиденті
Фото: Абхазия Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Алматы, NEGE. Аслан Бжания бұл наразылыққа бола қызметінен ешқайда кетпейтінін алға тартты.

"Абхазия басшылығы, президент, вице-президент, премьер-министр, үкімет мүшелері осында. Абхазияда болады, осында қалады және әрі қарай жұмыстарын жалғастырады", – деді ол үндеуінде.

Президент бұл наразылық акцияларының республиканы тағы да үлкен мәселелер алдына қойғанын атап өтті. Сонымен қатар билік наразы топтың зардаптарын жоюға күш салатынын айтты.

Еске салсақ, Абхазияда наразы халық үкімет ғимаратын басып алған еді. Олар Абхазияның Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісіміне қарсы.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент