USD
USD
USD

Әбдіжаппар Әлқожа: Намысыма қатты тиді

Эстрада әншісі  Әбдіжаппар Әлқожа елімізде ұйымдастырылатын музыкалық  шараларда жүлденің әділ табысталмайтынын айтты.

Әбдіжаппар Әлқожа: Намысыма қатты тиді
Фото: NEGE.kz

Қос бірдей жүлдеден қағылған әншінің  болашақта  музыкалық жобаларға қатысуға құлқы жоқ. «Жыл таңдауы» байқауынан құр алақан қайтқан Әбдіжаппар, желіде жазба қалдырып, жобаның өткізілуіне қатысты пікірін білдірген болатын. Кейіннен әншінің бұл әрекеті жоба ұйымдастырушыларына жақпай қалса керек, олар да өнер иесін аталмыш ән жобаларына шақырудан қалған көрінеді.

Өнер өкілі берген сұхбатының бірінде  музыкалық жобаларда болған жағдайды еске түсіріп, іштегі шерін тарқатты. Қатарластарының барлығы жаппай  жүлде алып жатқанда өзінің қалыс қалғаны Әбдіжаппардың намысына тисе керек.

«Шашын бояған, құлағына сырға таққан жігіттерге премия беріп жатты. Нұрболат Абдуллинде шықты. Өзімнің досым, қатарласым ғой. Оған бергеннен кейін маған да беру керек еді. «Жыл таңдауы» аталымына ілінбеуім ұйымдастырушылардың өздері  таңдап алған әнді плагиат деп айтып шықты», - деп күйінішін жеткізген.

Бұдан бөлек, әнші өткен жылы  алғаш рет ұйымдастырылған «Qazaq Music Awards» ұлттық музыкалық жобасынан да жүлдесіз қайтқанын айтады. Отандық эстрада жұлдыздарын 20 аталым бойынша марапаттаған жобада өзінен өзге де әншілердің лайықты аталымға ұсынылмағанына қапалы екен. 

Әрине, ананікі дұрыс, мынанікі бұрыс деуге біздің қақымыз жоқ. Әркімнің өз шындығы бар. Ал, нағыз талантты танып, әділ бағасын беру халықтың еншісінде.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы