USD
USD
USD

Әбдіқалықовтың орнына кім келеді?

Белгілі актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың директоры қызметінен кетті. Бұл жөнінде театрдың баспасөз қызметі  хабарлады. 

Әбдіқалықовтың орнына кім келеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Сәбит Әбдіхалықов 2020 жылдың 28 ақпанынан ресми түрде театр директоры емес. Театрға келді, алайда ұжыммен ресми түрде қоштасқан жоқ. Ал ресми бұйрықтың нөмірі маған белгісіз. Әбдіхалықов денсаулығына байланысты демалысқа кеткен кезден бастап театрды уақытша басқару актер Жалғас Толғанбайға жүктелді», –деді театрдың баспасөз хатшысы Гүлім Рысқұлова.

Оның сөзінше, театрға кімнің басшы болып келетіні әзірге белгісіз.

«Нақты кімнің басшы болып келетіні бізге беймәлім. Алайда келесі аптада жаңа басшы келуі мүмкін. Себебі театр біраз уақыттан бері басшысыз отыр. Бұл ресми ақпарат емес, тек театр қызметкерлерінің болжамы", – деді баспасөз хатшысы.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы