3 Қыркүйек 13:03
...

ABBA 40 жылдан кейін жаңа альбом шығарды

Фото:

Аты аңызға айналған ABBA тобы 40 жылдық үзілістен кейін жаңа альбом шығарды.

 Алматы, NEGE. Voyage атты жаңа жинақ 5 қарашада көпшілік назарына ұсынылады. Алғашқы 2 туындыны қазірдің өзінде тыңдауға болады. Шведтік поп-музыканттар басында бірнеше композиция ғана жазамыз деп ойлаған, кейін бұл идея тұтас альбомға ұлаты. Тіпті келесі жылы Лондонда цифрлық концерт беру де жоспарда бар. Өнерпаздар алдыңғы жылы жаңа тректер жазып, арнайы шоу ұйымдастырмақ болған, бірақ бұған коронавирус кедергі етті. Айта кетейік, АВВА – поп-музыка тарихындағы ең табысты топтардың бірі. Олардың пластинкаларының жалпы таралымы 385 миллионнан асады. 

Тегтер: