Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Абай облысының тұрғыны құрбысының атына жасырын несие ресімдеген

Абай облысында интернет-алаяқтықтың ерекше жағдайы ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Телефон
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтыққа қатысты айрықша істі анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғыны өзінің танысының жеке деректерін пайдаланып, елдегі ірі банктердің бірінен 600 мың теңге көлемінде онлайн несие рәсімдегені белгілі болды.

Бұл оқиға 2024 жылдың 26 тамызында болған. Күдікті өз айласын іске асырып, құрбысының жеке мәліметтерін қолдану арқылы банктің сенімін теріс пайдаланған. Оның бұл әрекеті құрбысына қаржылай шығын келтіріп, ірі көлемдегі алаяқтық фактісі ретінде тіркелді.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері айыпталушының әрекетін дәлелдейтін маңызды айғақтарды – аударым түбіртектері мен хат алмасу скриншоттарын тәркілеп, іске тіркеді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша ірі көлемде алаяқтық фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған келу туралы міндеттеме жүктелген. 

Қазір оқып жатыр

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Түркістан

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ