Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ жіберілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысы Үржар ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен құрамында реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар медициналық бригада ұшып келді.

Алматы, NEGE. Алдын ала деректерге сәйкес, 55 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмған, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Үш жасөспірім түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Зардап шеккен балаларға еліміздің ең мықты дәрігерлері көмек көрсетуде. Жарақат алған үш баланың біреуінің жағдайы тым ауыр, қалаған екі бала да ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер қолынан келген ем-домның бәрін жасап жатыр.
Жол апанын жасаған жүргізуші ұсталып, изоляторға қамалды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті.
Қазір оқып жатыр
Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

