USD
USD
USD

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Семей орманы
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана, NEGE. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, бұл қаражатты «Жасыл даму» компаниясы кәдеге жарату төлемдері есебінен аударған.

Жоба аясында мемлекеттік орман табиғи резерватына өртті жедел сөндіру және өртке қарсы іс-шараларды тиімді жүргізуге қажетті 39 өрт сөндіру автоцистернасы, 10 трактор және 26 жол талғамайтын көлік сатып алынған.

Министрлік мәліметінше, бүгінде барлық техника пайдалануға беріліп, күнделікті жұмыста қолданылып жатыр.

Резерваттың материалдық-техникалық базасын жаңарту өрт қаупі жоғары маусымға дайындықты күшейтуге, өрт ошақтарына жедел ден қою уақытын қысқартуға және орман қорын қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Еске салсақ, биыл 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында орман өрті тіркелді. Өртті сөндіруге 769 адам, 191 жерүсті техникасы және сегіз тікұшақ жұмылдырылды. Орман аумағындағы өрт 18 шілдеде оқшауланды.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция