USD
USD
USD

Абай облысындағы елді мекендерді су басу қаупі төніп тұр

Ертістегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген кезекшілік режиміне көшті. Бұл туралы Stan.kz агенттігі хабарлады.

Абай
Фото: stan.kz

Алматы, NEGE. Абай облысында Ертіс өзеніндегі су деңгейін көтеру мәселесі қаралды. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Ертістің көтерілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.

Бүгінде су деңгейі – 471 см. Сырттағы ауа температурасы -10°С.

Жағдай ушығып кетсе, облыс билігі халықты эвакуациялауға кіріседі. Мал бағуға орын бөлінді. Абайдағы барлық төтенше жағдайларды жою нысандары күшейтілген режимге көшірілді.

"Жағдайды толығымен пысықтау керек. Төтенше жағдайды жою үшін қажетті шаралар жасалуы тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз", – деді Ұранхаев.

Жиын қорытындысы бойынша хаттама дайындалып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты органдарға жолданады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси